22.10.2015, 11:16
Оқылды: 47

Мүмкіндігі шектеулі жандар бақ сынады

 

таскалаБҚО «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Тасқала аудандық филиалының ұйымдастыруымен, аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Өнерім-өмірім» атты байқау өтті.

Осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған аталмыш шараға  әр округтен өнерге деген талабы бар  17 үміткер қатысып, төрт аталым бойынша бақ сынады.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Думан Ғазез сөз сөйлеп, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Байқауға қатысқан әртүрлі жастағы жандар өздерінің мүмкіндіктерінің  шектеулі екеніне қарамастан, киелі сахна төрінде ән салып, көркем сөзді нақышына келтіре оқып өнерлерін ортаға салды.

Әділқазылардың шешімімен «Көркемсөз оқу» аталымы бойынша Шежін ауылдық округінен Н.Танатова, «Авторлық шығарма» аталымы бойынша шежіндік Ү.Танабаева, «Вокал» аталымы бойынша Тасқала ауылдық округінің ең жас әншісі М.Крачковский, «Аспапта ойнау шеберлігі» аталымы бойынша Қазақстан ауылдық округінен келген Т.Берденов жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен алғысхаттар тапсырылды. Сонымен қатар басқа үміткерлер де жарысқа белсене қатысқаны үшін алғысхат пен ынталандыру сыйлығына ие болды.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале