13.08.2015, 16:07
Оқылды: 15

Мүмкіндікте шек жоқ екен!

 

 Жанакала инвалидЖаңақала ауданында Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ҚР Конституциясының 20 жылдық, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасында жабық түрде байқау өтті.

Тағдыр тәлкегін тартып жүрген жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірбиесін өрістету мақсатын көздеген фестиваль «Үздік жасампаз», «Көркем сөз», «Үздік орындаушы» номинациялары бойынша өткізілді.

«Үздік орындаушы» номинациясы бойынша бақ сынаған  А.Баймағамбетова (Жаңақала), Н.Ысқақов (Жаңақазан), В.Сатыбаева (Мәстексай), Ғ.Кәрімов, Н.Қабиева (Қырқопа), Қ.Ихсанов, С.Хайруллина, Б.Лұкпановалардың (Пятимар) өнері тәнті етті. Мүмкіндік дегенде шек жоқ екен! Жүрекпен салған әндері жүрекке жеткен барлық қатысушылар гала-концертке өтті.

Жанакала инвалиддд«Көркем сөз» жанры бойынша А.Тілешова (Жаңажол), А.Бейсенбиева (Пятимар), Н.Қабиевалар (Қырқопа) озық болса, «Үздік жасампаз» номинациясы бойынша да қолөнер шеберлерінің төл туындылары қаралып, бәрі де келесі айналымға қатысатын болды.

Шара соңында сөз алған қазылар алқасының төрайымы Арна Мүбарак байқаудың барысын, қатысушылардың аяқ алысын айта келіп, әлі де үлкен дайындық қажеттілігін тілге тиек етті.

Келесі айналымға өткен өнерпаздар 17 күні болатын гала-концертте өнер көрсетіп, облыстық сайысқа берілетін жолдаманы сарапқа салады.

www.zhaikpress.kz

Алтынбек Ермекқалиев

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале