27.09.2016, 17:07
Оқылды: 42

Мұражайға тарту етті

%d0%bc%d1%83%d0%b7%d0%b5%d0%b9            Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығындағы мұражай тағы да көне жәдігерлермен толықты. Атамекен ауылының тұрғыны, көп балалы ана Мағрипа Кондудаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында  өзінің қолөнер бұйымдары мен осыдан бірнеше ғасыр бұрын Меккеден әкелінген қасиетті Құран кітабын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы М.Нәріковке салтанатты түрде табыс етті.

Көне жәдігерлер арасында жылқының қылынан жасалған арқан мен көген, теріден жасалған мес және тағы басқалары бар.

Аталмыш шараға «Ақтілеу» халықтық әжелер ансамблінің жетекшісі М.Нұрмақова, мәдени- демалыс орталығының директоры Ж.Бисенғалиева қатысты.

 

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале