13.10.2015, 12:49
Оқылды: 16

Мұратсайда тіс емханасы ашылды

стоматМұратсай ауылы тұрғындарына қызмет көрсететін «Мейірбек» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Мейірбек Бұхаров тіс емханасын ашты.

Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, ауылдық округ әкімі Сұңғат Қойшекенов, А.Құсайынов атындағы орта мектеп директоры Мәстура Хабиевалар жаңадан ашылған тіс емханасының қожайыны Мейірбек Ақылбекұлының ісіне сәттілік, ақ жол тіледі. Кәсіпкердің Ақтөбе қаласында қызыққа толы студенттік өмірді бірге өткізген және құлын-тайдай тебісіп өскен ауылдас достары да жылы лебіздерін ақтарды.

Ал жаңа нысанның есігіне керілген лентаны қию құрметі медицина саласында абыройлы қызмет еткен еңбек ардагері Жаңылсын Дәулетова мен ардагер-ұстаз Каспи Жахатовқа ұсынылды.

Одан әрі қуанышқа ортақтаса келгендер емхана ішін аралап көріп, арнайы әзірленген дәмнен ауыз тиді.

www.zhaikpress.kz

Бөкейордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале