6.05.2016, 21:52
Оқылды: 26

Мұрат Жәкібаевтың продюсерлік орталығы үш деректі фильмін ұсынды

Filmmmmm     Бүгін Н.Островский атындағы орыс драма театрында Мұрат Жәкібаевтың продюсерлік орталығы үш деректі фильмін ұсынды.

    Олар: «Жәнібек. Соғыс шарасы», «Бар екен әзірге бар олар, рахмет дейтін адамдар» және «Аман жетсек жеңіске».


    Деректі фильмді тамашалауға Ұлы Отан соғысының ардагерлері және өңір басшысы Алтай Көлгінов қатысты.

    Облыс әкімі Алтай Көлгінов сөз кезегінде Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын сақтауға қосқан үлесі үшін М. Жәкібаевқа алғысын жеткізді.

    Бұл Жәкібаевтың «Жеңіс тарихы» тележобасының жалғасы.  Фильмдердің режиссері Лев Вахитов. Фильмді көру барысында, ҰОС ардагерлері М. Әжіғұлов пен Х. Сафин сөз сөйлеп, М. Жәкібаевқа алғыс айтты.

     М. Жәкібаев жиналғандарға фильмдердің шығармашылық тобын таныстырды.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале