23.02.2016, 17:20
Оқылды: 79

Мұстахим Ықсановтың туғанына 90 жыл толуына орай Қызылтал ауылдық мәдениет үйінде үлкен шара өтті

????????????????????????????????????

   Артына өшпес із қалдырған, өңіріміздің дамуына сүбелі үлес қосқан біртуар азамат мемлекет және қоғам қайраткері Мұстахим Ықсановтың туғанына 90 жыл толуына орай Қызылтал ауылдық мәдениет үйінде «Ел азаматы» атты үлкен шара өтті.


Аталмыш шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Садық Мырзағалиев пен Қызылтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Тасымов, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысты.

Шарада көрермендерге «Ұлы есім, ұмытылмас тарихта» атты слайд ұсынылып, онда Мұстахим Біләлұлының өмірбаяны, еңбек жолы, әр жылдардағы тарихи фотосуреттер ман отбасы деректері көрсетілді. Шарада сөз алған Садық Хабиұлы Мұстахим Біләлұлы жайында жарқын естеліктермен бөлісіп, облысымыз бен ауданымыздың дамуы жолында жасаған игі істеріне кеңірек тоқталды. Ал өз кезегінде сөз алған Марат Тасимов іскер басшының еңбек жолын жас ұрпақ үлгі етіп, тамаша кеш ұйымдастырған мәдениет үйінің ұжымына алғысын білдірді.Мағыналы шарада үйірме жетекшілері Серік Дербісалиев, Әли Мұрзағалиев,  саз жетекшісі Сағадат Төлепберген және жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебінің мұғалімі Райымбек Құрлысовтар өнер көрсетіп, кештің ажарын келтірді.

«Жиырмасыншы ғасырдың небір қиын-қыстауын бастан өткерген, елінің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосқан, сөзі мен ісі өнеге болған, дарабоз тұлға Мұстахим Біләлұлының әруағына әр кез бас иеміз.

Қаншама дарынды, талантты ұл-қыздардың мекені – киелі Ақжайықта бірінші басшы ретінді халықтың жүрегіне орын алған Мұстахим Ықсанов ел есінде сақталары сөзсіз» - деді саз жетекшісі әрі кештің жүргізушісі Сара Ғаниева.

Шара соңында жалпы білім беретін Қызылтал орта мектебінің мұғалімі Ақмарал Шүйінішқалиева пен аталмыш мектеп оқушысы Айнұр Бөлешовалар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале