11.01.2016, 16:31
Оқылды: 26

МҰХИТ ЕЛІ ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚУАТТАЙДЫ

  Karatobe myhit eli Joldau Қаратөбе ауданы Саралжын ауылдық округінің орталығы Мұхит ауылындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауын насихаттау мақсатында аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов бастаған ауданның насихатшы топ мүшелері жиын өткізді. Жиналысқа ауылдағы ардагерлер, ұстаздар, жастар ұйымдарының өкілдері, барлығы 107 адам қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов: - Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы мен студенттердің шәкіртақысын өсіру, зейнетақы мөлшерінің пайыздық өлшемін көбейту, т.б. мәселелерді көтерді. Ең бастысы Жолдауда Қазақстанның болашақ даму жолының айқын бағдары көрсетіліп, халықтың әл-ауқатын жақсартудың тиімді жолдары айқындалды, - деді. Жиын барысында аудандық мәслихат депутаты Анар Оразова, Б.Қаратаев атындағы Саралжын орта мектебінің директоры Бекжан Қойшекенов, ауыл әкімі Қайыр Бисенғали сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауының маңыздылығына тоқталып, жаһандық дағдарысқа қарамастан Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздің дамудың даңғыл жолында қарыштап алға басып келе жатқандығын, болашақта да әлемнің 30 елінің қатарынан ойып тұрып орын алатынына сенімді екендіктерін жеткізіп, Жолдаудың Қазақстанның болашағына жол сілтейтіндігі туралы айтып өтті. Мұхит елінің тұрғындары әр кезде Елбасы саясатын толық қолдап, Жолдаудан туындайтын елімізді дамыту жолындағы іргелі істерді бірге шешуге әрқашанда дайын екендіктерін жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан ҚҰМАРҰЛЫ

«Қаратөбе өңірі» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале