25.04.2016, 18:02
Оқылды: 45

Мұхит музейі ашылмақ

Myhit       Биыл үш жүзге ән оздырған әнші-сазгер, дарынды дала бұлбұлы Мұхит Мерәліұлының туғанына 175 жыл толуына орай Қаратөбе өңірінде көптеген мәдени-шаралар легі жүзеге аспақ.

    «Қаратөбеге барсаң, әншімін деме» деген даналық сөз Мұхит бабамыздың өнеріне, табиғат берген қайталанбас талантына берілген құрметтен туындаса керек.


      Айтулы баба тойына орай сал Мұхит туған ауылда орын тепкен білім ордасы ішінен Мұхит музейі орын теппек. Музей соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

      Айта кету керек, аталмыш музейді жасақтауға қомақты көлемде қаражат бөлініп отыр.

      Бұл турасында күні кеше ғана өткен аудандық мәслихат сессиясында мәлім болды.

 www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале