16.03.2016, 19:20
Оқылды: 31

Мәдениетті кезек күту және жаңа қызметтер

Akjayik kazposhta  Облысымыздың бірсыпыра аймағындағы секілді, «Қазпочта» АҚ Ақжайық аудандық почта байланыс торабының орталық учаскесі электрондық кезек жүйесін іске қосты. Бұл әрине, мәдениетті кезек күтуде, операторлардың сапалы ісінде маңызды орын алады. Орталық учаскеге күніне орта есеппен 200 адам келеді екен. Әр қызметке белгіленген уақыт лимиті бар.


Бүгінде зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға арналған «Сенім» жаңа қызметі жақсы танылуда. Почтадан зейнетақы мен жәрдемақы алу үшін карточкалық шот ашқан әрбір жаңа клиент жыл бойы коммуналдық төлемдерді комиссиясыз төлей алады. Ақпан айының басынан бері бүгінге дейін «Сеніммен» 77 клиент серік болып отыр, байланыс торабының басшысы Тұрдығали Ақсеевтың айтуынша, мұның қатары одан әрі қалыңдайды. Сондай-ақ, жыл басынан бері Қазақстанның кез-келген жеріне ақша аударымын жасауға жол ашатын «Сәлем, теңге!» жедел аударымын 100-ге жуық тұрғын пайдаланған. Бұл қызмет сол аударымды 1 минөтте алуға мүмкіндік береді.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале