4.09.2015, 18:34
Оқылды: 21

Мәдениет және өнер орталығындағы басқосу

 

 Қадыр Мырза Әлі орталығындағы кездесу  Бүгін Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында зиялы қауым өкілдері бас қосты.

Қадыр Мырза Әлі атындағы орталықтың директоры  Донеділ Қажымовтың ұйытқы болуымен өткен шара «Ой сарасы» атты ақынға арналған бейнебаянмен ашылды.

-Қадыр Мырза Әлі дүниеден өткен соң ақынның өнерін, өлеңін бағалаған елі теңдесіз орталық ашқан болатын. Жанашырлық танытып, елінің қамын ойлаған облыс басшысы Нұрлан Асқарұлына алғысымыз зор. Қазақстанда бірде бір ақынға не жазушыға мұражайы, жеке кітапханасы, амфитеатры, бірнеше мәжіліс залы мен көрме залдары бар орталық ашылған жоқ. Ақынның әдеби мұрасын насихаттап, кейінгі ұрпаққа мұра етіп  қалдыруда бұл кешен зор үлес қосатынына сенімдімін. Ашылғаннан бері түрлі шаралар өтіп жатыр. Бүгінде Қадырдың көзін көрген, шығармашылығымен етене таныс жандар арамызда отыр. Орталықтың жұмысын дамыту мақсатында ойларыңызды, кеңестеріңізді білсек деп жиналып отырмыз. Қадыр ақынның шығармашылығын ғылыми тұрғыда зерттеп ізденемін деген жастар болса, демеушілік жасап, қолдау көрсеткіміз  келеді,- деді Донеділ Қажымов.

www.zhaikpress.kz

Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале