22.05.2015, 16:08
Оқылды: 26

Мәдениет қызметкерлеріне марапат

Oblis akimi madeniet  21 мамыр - Қазақстан Республикасындағы мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні. Биыл аталмыш мереке төртінші рет тойлануда. Осыған орай, таяуда облыстық қазақ драма театрында «Мәдениет-рухани құндылық» атты салтанатты шара болып өтті. Оған Орал қаласы мен өңіріміздің мәдениет қызметкерлері, осы саланың ардагерлері және өнер иелері қатысты. Салтанатты кешке қатысқандарды облыс әкімі Н. Ноғаев құттықтап, сөз сөйледі.

- Руханияттың алтын арқауы, кешегі мен бүгінгі мәдени байланыстардың көкжиегін кеңейтуге үлес қосушылар-мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері болып табылады. Елбасымыз мәдениет саласына ұдайы көңіл бөліп отырады. Жыл өткен сайын еліміздің әр түкпірінде бұрын соңды болмаған, жаңа мәдениет үйлері, театрлар, мұражайлар салынуда. Аталмыш іс келешекте де жарасымды жалғасын таба бермек. Өйткені  мәдениет пен өнер-руханият өзегі, екеуінің өмірдегі орны бөлек. - деді Нұрлан Асқарұлы.

Өңір басшысы бір топ мәдениет қызметкерін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік төсбелгісі мен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің төсбелгісімен, облыс әкімі атынан алғысхаттармен марапаттады. Жоғары құрметке ие болғандардың ішінде облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама бас қармасының басшысы Дәулеткерей Құайынов, Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайран Дүйсентегі, Зеленов ауданы, Дариян ауылы «Грамада» бел арус ұлттық-мәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің мүшесі Прасковья Старцева және басқалары бар.

www.zhaikpress.kz

Серік  ІЗБАСАРҰЛЫ

«Орал  өңірі» 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале