15.02.2016, 11:13
Оқылды: 25

Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 20 пайыздан 40 пайызға дейін көтерілді

даулеткерей    «Жайық пресс» медиахолдингінде ОКҚ БҚО филиалының кезекті брифингі өтті. Оған облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов қатысты.


Басқарма басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, өткен жылы облысымызда мәдениет саласына 4,9 млрд. теңге қаражат бөлінді, бұл 2014 жылмен салыстырғанда, 500,0 млн.теңгеге немесе 11,3 %-ға артық.

Биыл 5,9 миллиард теңге қаралып отыр. Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы 20 пайыздан 40 пайызға дейін көтерілген.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша Зеленов ауданының Рубежин ауылдық  клубын күрделі жөндеуге 64,3 млн.теңге бөлінді. Мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық базаларын  нығайту мақсатында  288,0 млн. теңге жұмсалды. Бұл  көрсеткіш  2014 жылмен салыстырғанда 139,4 млн. теңгеге немесе 93%-ға  артық.

Осы қаражаттың есебінен облыстық Жастар шығармашылығы орталығына сахна киімі тігілді, оның көрермен залы мен облыстық қазақ драма театры дыбыс күшейткіш, жарық бергіш аппаратуралармен жарақтандырылды.

Осындай жұмыстар Бөрлі, Теректі, Сырым аудандарының мәдениет және демалыс орталықтары бойынша атқарылып, LED-экрандармен қамтылды.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның артистеріне жаңадан сахналық костюмдер тігілді.

Теректі аудандық мәдениет үйіне сахна киімі тігілді.

Өткен жылы 301,0 млн. теңгеге 4 мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өткізілген.

Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының жаңадан іске қосылуы республиканың мәдени-рухани өміріндегі жаңалық болды.

Орал қаласы және Сырым ауданы орталығында Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Қадыр Мырза Әлінің  ескерткіштері бой көтерсе, қаланың бір әсем даңғылдарының бірінде мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың, Кеңестер Одағы мен Ресей Федерациясының батыры, жерлесіміз Н.С.Майдановтың бюстілері орнатылып, «Ауған соғысында қаза болған жерлестерімізге», «Чернобыль апаты зардабынан қаза болған жерлестерімізге» мемориалдық кешендер тұрғызылған.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале