11.07.2016, 18:49
Оқылды: 35

Мәдениет-өмірдің ұлы көші

????????????????????????????????????

   Сырым ауданында облыстық мәдениет қызметкерлері арасында «Озық тәжірибе – көпке ортақ» тәжірибелік семинар-кеңесі және «Тәуелсіздік жемісі» атты туристік слет ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - «Нұр Отан» партиясының «Ұлы дала  Елі» жобасы аясында аудан, облыс мәдениет қызметкерлері арасында достық қарым – қатынасты нығайту, туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, ел азаматтарына жарқын болашақ сыйлаған Тәуелсіздіктің қазақ елі тарихындағы өлшеусіз орнын айғақтау.


  Облыстық мәдениет саласы қызметкерлерінің «Озық тәжірибе – көпке ортақ» атты семинар-кеңесіаудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өтті. Жиынның шымылдығы Сырым ауданының мәдениет саласында жеткен жетістігі жайында түсірілген бейнефильмімен ашылды. Жиынды аудандық "Демалыс орталығының" басшысы Серік Тоқмамбетов жүргізді. Аудан әкімі Абат Шыныбеков және Облыстық халық шығармашылығы орталығы директоры Медхат Қамбетов кеңестің салтанатты ашылуына орай сөз сөйледі. Жиын барысында мәдени-демалыс орталықтары мен қалалық мәдени мекемелердің директорлары, меңгерушілері, әдіскерлері үш топқа бөлініп жұмыстанды. Мәдениет саласының дамуына  елеулі үлес қосып, еңбектеніп жүрген мәдениет қызметкерліне облыстық «Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама» басқармасының басшысының атынан алғыс хаттар табыс етілді.

  Аталмыш мәдени шараға 12 аудандық және қалалық мәдени – демалыс орталықтары директорлары, әдіскерлері, ауылдық клубтардың меңгерушілері, облыстық халық шығармашылығы орталығының, барлығы100-ге жуық мәдениет қызметкерлері қатысты.

   Басқосудың екінші күні - 9 шілдедемәдениет қызметкерлері арасында Тоғанас ауылында облыстық туристік след ұйымдастырылды. След спорттық бағдарлау жарысы, туристик кедергілер жолағы, конкурстық шаралар сынды 3 кезеңнен өтті. След қорытындысы бойынша Жәнібектік команда І орынды қанжығасына байласа, ІІ орынға Казталовка ауданының командасы табан тіреді. ІІІ орынды Тасқала ауданының қызметкерлері иеленді.

www.zhaikpress.kz

Үміт Жәңгірова

 Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале