5.05.2016, 14:27
Оқылды: 32

Мәжіліс депутатымен жүздесті

Snejanna (1)Шыңғырлауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежана Имашева және БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ақылбек Аманғалиев қызметтік сапармен болып, аудан активімен кездесті.


Актив отырысында қозғалған негізгі мәселелер Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы бағытында аудан көлемінде атқарылған іс-шаралар есебі және «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау, түсіндіру жұмыстары болды.

Аудандық мәслихат хатшысы Г.Волкогон ұлттар бірлігі, татулық тәжірибесі, жалпы аудандағы тамыры тереңге кеткен ұлы достықтың берік бастауы әр ата-ананың, әрбір отбасының жас ұрпаққа беріп отырған азаматтық тәрбиесінде, бір үйдің адамындай араласып кеткен жергілікті кеңпейіл халықта жатқандығын тарқата айтты.

SnejannaМәжіліс төрінен арнайы келген С.Имашева бүгінгі ел тұрақтылығы мен даму қарқынына тоқталып, бұдан бұрынғы сапарындағы Шыңғырлау мен оның қазіргі келбеті қатты таңданыс туғызғанын айтты. Ажары артып, келбеті келісті мекенге айналған аудан үшін және аудан халқымен жүздескені үшін қуанатынын жеткізіп, сапар мақсатын айтты. Қазақы тілде еркін сөйлеп, жиын ықыласын бірден өзіне тартқан лауазымды қонақ «Мәңгілік Ел» идеясының 130 ұлт топтасқан елімізді ұйыстыра түсетінін, Қазақстан халқы деген деген үлкен нәтижеге жеткізетін құнды құжат, нақты жоспар деп атап өтті. Әлем елдері бас қосқан саммит алаңында «Қазақ елі бейбітшілікті сүйетін, ядролық тажал қарулардан бас тартқан, тыныштықты қолдайтын қарусыз ел»  деген пікір қалыптасты. Бұл Елбасы Н.Назарбаевтың және оның барлық бастамаларында қолдап, қуаттап келе жатырған еліміздің халқының алған бағасы деп түсіну керек дегенге баса назар аударды.

Жиынды жүргізіп отырған аудан басшысы А.Халелов қонақтарды аудан ахуалымен таныстырып, қатысушылар көкейкесті сұрақтарымен бөлісті. Жиыннан соң халық қалаулысы аудан орталығындағы инфрақұрылымдарды аралады.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға ЕЛЕМЕСОВ

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале