8.07.2016, 16:07
Оқылды: 19

Мәжіліс депутаты кәсіпкерлермен кездесті

Majilis deputattari kasipkerlermen kezdesti  «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

  Жиынға "Нұр Отан" партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.К.Сүлеймен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясының фракция мүшесі Б.М.Мәкен, БҚОФ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық кеңес төрағасы Ж.Қ.Жақыпов, Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары М.Е.Нұржанов, БҚОФ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық кеңес мүшелері және орта, шағын бизнес өкілдері қатысты.


   Алдымен Астана қаласында Бейнеконференцбайланыс түрінде өткен"Нұр Отан" партиясы мен "Атамекен" Ұлттық палатасы арасында Меморандумға қол қою рәсіміне арналған кеңес өтті.

   Бейнеконференцбайланыс аяқталған соң Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясының фракция мүшесі Бақтияр Мәкеннің Батыс Қазақстан облысына сапарының жоспарына және "Нұр Отан" партиясының іс-шаралар жоспарының кестесіне сәйкес БҚОФ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі облыстық кеңес мүшелері және орта, шағын биснес өкілдерімен кездесуімен жалғасты.

    Бақтияр Мәкенұлы өз сөзінде кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бағдарламаларына тоқталды.

   Сонымен қатар қоғамдық кеңес отырысынан кейін Б. Мәкен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде 15 адамды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале