21.08.2015, 19:59
Оқылды: 21

Мәжіліс депутаты тұрғындармен дидарласты

Akjayik majilis deputati tyrgindarmen didarlasti  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Шавхат Өтемісов өзі түлеп ұшқан топырақ – Ақжайық ауданында болды. Алғабас, Бударин және Тайпақ ауылдарында тұрғындармен жүздесулерде ол Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы мен бес институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам туралы, Парламенттің заң шығару қызметі туралы кеңінен айтып берді. Шавхат Әнесұлы сондай-ақ әлемдік дағдарысқа байланысты мемлекетімізде қолға алынып жатқан шұғыл шараларды әңгімеледі, жұрттың сұрақтарына жауап берді. Тайпақта көршілес 4 ауылдың тұрғындары да болды.

Тұрғындар сыбайлас жемқорлықпен күрес, әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығын дамыту, бюджет қаржысын тиімді әрі мақсатына сай пайдалану мәселелерін көтерді.

www.zhaikpress.kz

Сәуле ЖАНДӘУЛЕТ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале