Бүгін 20 наурыз Елімізде Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат ретінде партиялық тізімдер бойынша ұсынған саяси партиялар мен барлық деңгейдегі депутаттарын үшін дауыс беру басталды.
Бүгін таңертең Жалпақтал ауылындағы №254, 253, 244 сайлау учаскелері өз жұмыстарына кірісті. Дауыс беруге келген сайлаушыларды №254 сайлау учаскесінің төрағасы Бауыржан Қажиев құттықтап, Ел Тәуелсіздігінің құрдасына естелік сыйлық тарту етті.
-Сайлау учаскесінде 3 бюллетеньнен беріледі. Бюллетеньдердің бірінде сайлаушылар Мәжіліс депутаттарының сайлауына түсетін саясаи партиялардың атауы көрсетілсе, екінші бюллетеньде азаматтар облыстық немесе қалалық мәслихат депутаттары үшін, үшінші бюллетеньде аудандық мәслихат депутаттары үшін дауыс береді,-дейді сайлау усаскесінің төрағасы Бауыржан Жанайдарұлы
Естеріңізге сала кетер болсақ «Нұр Отан» партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы және «Бірлік» демократиялық партиясы бар.
Тұрарбек АҚМУРЗИН
Жалпақтал ауылы