24.03.2016, 13:26
Оқылды: 22

Мәслихат депутаттарының есімдері белгілі болды

Oblistik maslihatka    Батыс Қазақстан облысында жергілікті мәслихаттарға барлығы 200 депутат сайланды.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың айтуынша, соның ішінде облыстық мәслихатқа 30, қалалық мәслихатқа 20, аудандық мәслихаттарға 150 адам өтті.


Облыстық мәслихатқа сайланған депутаттардың дені «Нұр Отан» партиясынан, екеуі «Ауыл» және біреуі «Ақжол» партиясынан. Атап айтқанда, №1 Деркөл сайлау округі бойынша «Жайық-ет» ет өңдеу кәсіпорны» ЖШС директоры Темірғали Ескендіров, №2 Тайпақ сайлау округінен Чапаев округі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Мәлік Мұхтар, №3 Ақжайық сайлау округінен «Ақас» агрофирмасы» ЖШС директоры Қатауолла Ашығалиев, №4 Ақсай сайлау округінен «Радио-Ақсай» ЖШС директоры Максим Пак, №5 Бөрлі сайлау округінен «КИОС» ЖШС бас директорының орынбасары Амантай Манашев, №6 Жаңақала сайлау округінен «УралОйлЭндГаз» ЖШС бас директоры Амангелді Таспихов, №7 Жәнібек сайлау округінен «Әлем» ШҚ басшысы Ескендір Елемесов, №8 Приурал сайлау округінен «Асфа» ЖШС директоры Иван Енютин, №9 Иқсанов сайлау округінен БҚО мәслихатының хатшысы Мәлік Құлшар, №10 Зеленов сайлау округінен «Белес-Агро» ЖШС бас директоры Мұрат Жәкібаев, №11 Стройтельный сайлау округінен «Болашақ» корпоративтік қорының директоры Салтанат Тұманбаева, №12 Қазталов сайлау округінен Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжінің директоры Мағауия Есмағұлов, №13 Қаратөбе сайлау округінен «Қаратөбе» АНС» ЖШС төрағасы Құсайын Мұқанов, №14 Сырым сайлау округінен «Жібек жолы» ШҚ басшысы Ғанимат Нұрмұханов, №15 Тасқала сайлау округінен «ПСП «Серік» ЖШС директорының орынбасары Асқар Мерғалиев, №16 Жаңаорда сайлау округінен «Болашақ» ЖШС бас директоры Қайдар Қощанов, №17 Теректі сайлау округінен «Uniserv» ЖШС бас директоры Нұрғазы Сәтбаев, №18 Бөкей ордасы сайлау округінен «Рауан» ШҚ басшысы Серік Мұхамбетшин, №19 Шыңғырлау сайлау округінен «Альсейт сервис» ЖШС директорының орынбасары Мадияр Байжанов, №20 Гагарин сайлау округінен «Айдана» ЖШС директоры Аветик Амирханян, №21 Зачаган сайлау округінен облыстық клиникалық аурухана директоры Ерлан Тоқсанов, №22 Студент сайлау округінен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Асхат Иманғалиев, №23 Зенит сайлау округінен «Альтаир» ЖШС директоры Сергей Потиченко, №24 Мәметова сайлау округінен «Стекло-Сервис» ЖШС директоры Аркадий Рубцов, №25 Молдағалиев сайлау округінен «Конденсат» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Фарид Бахтиозин, №26 Железнодорожный сайлау округінен «Батыс Пауэр» ЖШС бас директоры Жасұлан Жақыпов, №27 Иманов сайлау округінен «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен, №28 Қонаев сайлау округінен «Отау-Алан» ЖШС директоры Ляна Тұрсынова, №29 Әбілхайыр хан сайлау округінен «Конденсат» АҚ директорлар кеңесі аппаратының басшысы Дина Ғалиметденова, №30 Жәңгір хан сайлау округінен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ректоры Нұрлан Серғалиев депутат болып сайланды.

 www.zhaikpress.kz

Елжан Ералы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале