16.09.2015, 13:07
Оқылды: 39

Мәслихат депутаттары бас қосты

Shingirlau maslihat deputattari    Облыстың барлық аудандарының мәслихат хатшылары мен «Нұр Отан» партиясы филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары Шыңғырлау ауданында бас қосты.

Арнайы келген делегацияны облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар бастап келді. Халық қалаулылары мен партия басшыларының келу мақсаты - ауданымыздағы шағын орта бизнестің дамуымен танысу болатын.

«Ащысай» селолық округінде басталған практикалық семинарға қатынасушылар «Ғани» ШҚ, «Тёща» супермаркеті, «Акрам» кешенін аралап көріп, жұмыстарымен танысты. Келген қонақтарға аудан әкімі Алдияр Халелов аудан өмірінен мәлімет беріп, «Нұр Отан» партиясы ғимаратында семинар жұмысы жалғасты.

Өзара  ой бөлісіп, пікір алмасуға арналған семинар жақсы өтті.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале