22.07.2015, 19:37
Оқылды: 49

Мәулімберді қорымындағы ескерткіштерін зерттеуші ғалымдармен кездесу өтті

zertteushi galimdar 02 Бүгін «Жайық Пресс» ЖШС-нің мәжіліс залында Шығыстану институтының мамандары — бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүмінов және ғылыми қызметкер, арабтанушы Бағдат Дүйсеновпен кездесу өтті.

Ғалымның айтуынша, Ақжайық ауданы Базартөбе ауылының ма­ңындағы Мәулімберді қорымындағы ескерткіштер зерттеліп, бірқатар тарихи беделді тұлғалардың құлпытаста­рындағы араб қарпімен жазылған мәтіндер оқылған.  Бұйырса, өңірімізде өмір сүрген сұлтандар, билер, сопылар,батырлардың жаңа есімдері тарихқа енуі мүмкін.

-Мәулімберді қорымындағы құлпытастардан, онда жерленген адамдар жәй адамдар емес, өз қоғамында үлкен рөл атқарған қайраткерлер екеніне біздің көзіміз жетіп отыр. Олардың есімдері тарихта айтылмай келді. Өйткені біз тек, хандарға, әскербасыларға мән бердік. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай басталған құлпытастарды зерттеу жобасын 10 жылға созылады деп есептеп отырмыз,-деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Әшірбек Мүмінов.

Мәулімберді қорымындағы құлпытастар халықаралық маңызға ие Қазақстанның аумағында бұрын-соңды кездеспеген эпитафиялық негізінде қойылған. Әрбір ескерткіш құжаттандырылып, заңды негізде зерттеу жұмыстары одан әрі жалғасатын табатын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале