8.07.2015, 15:47
Оқылды: 55

Мәулімберді қорымы толықтай зерттелмек

Maulimberdi021   Ақжайық ауданы, Базартө­бе ауы­лының батыс бетінде 18 шақырым қа­шықтықта орналасқан Мәулімберді қорымында шамамен алпыс бес құлпытас бар. Оның он шақтысы кириллицамен жазылған кейінгі зираттар. Қалғандары араб әліпбиімен жазылған құлпытас. Олардың бір бөлігі араб әрпімен араб тілінде жазылса, қалғаны қазақ тілінде араб әліпбиімен жазылған.

Өткен жылғы сапарында бір топ ғалымдармен  институттың Таяу және Орта Шығыс елдері бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Муминов араб тіліндегі төрт құлпытасты оқыған болатын. Бір қорым бойынша әлі қанша жұмыс атқару керек екендігі айтпаса да түсінікті.Maulimberdi

Былтыр «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Набиоллаұлының "Орал өңірі" газетіне жарияланған "Мәулімберді қорымы - ғалымдар мекені" атты мақаласының соңында "Ғалымдардың өзі Мәулімберді қорымындағы тұлғалардың тарихи маңызы зор, болашақта арнайы мемлекеттік жоба жасап, соның аясында терең зерттеген жөн дегенін айтқан болатын.

Алла зерттеушілер тілегін қабыл алып 2015-2017 жылдарға арналған "Қазақ халқының мәдени ескерткіштері рухани мұраны сақтау мен жеткізудің жолы ретінде (БҚО-ның эпиграфикалық ескерткіштері негізінде) атты ғылыми жобаға бекітілді.

Осы жобаның аясында шілде айының ортасында өңірімізге осы саланың мықты маманы, ғалым Әшірбек Мүминов бастаған ғалымдар келмекші. Жоспар бойынша Мәулімберді қорымы толықтай зерттелмек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале