18.05.2016, 18:40
Оқылды: 73

«Мәңгілік ел» диктанты

Akyshtap    Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі шеңберінде жалпықазақстандық ашық диктант болып өтті. Оған жоғары оқу орындарының оқытушылары, студенттері, мемлекеттік қызметкерлер және басқасы қатысты. Жиналғандар бір сағатқа жуық уақыт ішінде «Мәңгілік ел» патриоттық актісі» атты диктант жазып, тексеріп, тапсырды. Жазба жұмысын Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері жинап, жүйелеп, сонан соң Астана қаласына жөнелтті.


      Іс-шараның мақсаты-мемлекеттік тілге қызығушылықты арттыру, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру және  қоғамдық келісім пен ел бірлігін нығайту. Жоғарыда аталған оқу орнының үш залында, шамамен 600-дей адам жазба жұмысын атқарды. Әр залда екі жүздей кісі диктант жазды. Біз болған аудиторияда өзге ұлт өкілдері де болды. Арасында ұлттық киім киген қазақ жігіттері мен қыздары да бар.

       Қазақ тілінде жазылған диктант жұмысынан бұрын Жайықтың ақ шағаласы, ақын Ақұштап Бақтыгереева сөз сөйледі.-Қымбатты жастар мен достар! Бүгін осында дүйім елге ортақ іс-шара өтуде. Оның отаншылдық тақырыбына арналуы да орынды. Өйткені біз ендігі өмірімізді тек осы елмен байланыстырамыз. Қазір елге тек тыныштық пен бірлік қажет. Бәріміз де «Мәңгілік Елге» қадам басқан Қазақ елінің тұрғындарымыз. Демек, кез келген отандасымыз бүгінде өзіне өзі «Елге не беремін, соңыма не қалдырамын?» деуі тиіс. «Мәңгілік ел» қашанда бейбіт өмір құшағына бөленсін!-дей келіп, ақын конверт ішіне салынған диктант мәтінін алып, оқытушыға берді. Әрі қарай жазба жұмысы басталып кетті.

www.zhaikpress.kz

СЕРПІН САЯҚ  

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале