27.07.2015, 12:20
Оқылды: 19

«Мәңгілік Ел – жастардың кемел келешегі» атты Сырым ауданы жастарының форумы өтті

Sirim jastar  Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Сырым жастары» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жас Отан» Жастар қанаты Сырым аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел – жастардың кемел келешегі» атты Сырым ауданы жастарының форумы өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылының аясында өткен бұл шараның жалпы мазмұны Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналып отыр.

Форум делегаттары алдымен аудан орталығындағы мәдени орындарды аралады. Кейін оларға жас кәсіпкер Мереке Меңжановтың жеке кәсібі таныстырылды.

Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында форумның жалпы пленарлық отырысы өтті. Отырысқа аудан әкімінің орынбасары Асланбек Саркулов, Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қызметкері Данияр Уәлиахмет, «Жас Отан» Жастар қанаты  Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасының орынбасары Әділгерей Зұлхаров, Қаратөбе аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Рақымжан Оразов және Сырым ауданындағы ауылдық округтердегі жастардан сайланған делегаттар қатысты.

Делегаттарды форум жұмысының басталуымен аудан әкімінің орынбасары Асланбек Саркулов құттықтады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале