4.03.2016, 15:56
Оқылды: 21

«Мәңгілік ел» пойызының» қатысушылары – Оралдағы ОКҚ алаңында

received_985763398139688ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО филиалына Орал қаласына ат басын тіреген «Жалпыреспубликалық «Мәңгілік ел» пойызы» акциясына қатысушылар арнайы келді.


Пойыз штабының басшысы Әлпейісов Әміржан Қайырұлы, «Қазақстанның азаматтық альянсы» ЗТБ директоры Катенов Ильдар Загедерейевич, «Атамекен» ҰКП президиумының мүшесі Доскенов Талғат Қазкенұлы, «Қазақстан теміржолы» ҰК өкілі Руслан Барбас акцияның мақсат міндеттері туралы баяндап берді.

Спикерлердің айтуынша, ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жалпыреспубликалық «Мәңгілік ел» пойызы акциясы Қазақстанның Азаматтық Альянсының аясында ұйымдастырылған. Шараның мақсаты – Қазақстанның тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін паш етіп, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын насихаттау, халықтың бірлігін нығайту.
Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Астана қаласында басталған акция 18 наурызда Алматы қаласында Наурыз мерекесі қарсаңында аяқталады деп күтілуде.
«Мәңгілік ел» пойызы еліміздің 33 қаласы мен алыс-жақын елді мекендерді араламақ.
Бұл игі бастаманың жүзеге асуына ҚР Мәдениет және спорт, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, әділет, қаржы, білім мен ғылым, ауыл шаруашылығы, инвестиция және даму, ішкі істер министрліктері атсалысуда.
Акцияға «Қазақстан теміржолы» ҰК», «Бәйтерек» басқарушы холдингі, «Атамекен» ұлттық экономикалық палатасы демеу көрсетуде.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале