28.08.2015, 9:39
Оқылды: 29

«Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясы

Zelenov mangi birge ekspediciasi   Бүгін аудан орталығында аймақаралық-шекаралық «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясының қорытынды кезеңі өтуде.
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» жылы мен облыстық балалар туризмінің 55 жылдығы аясында өткізіліп жатқан шара барысында, облыс аумағындағы аудандардың Ресей Федерациясының шекарасымен шектес ауылдары оқушылары бірлесе екі ұлт арасындағы достық жайлы мәліметтер жинап, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізген. Экпедицияның басты мақсаты облысымызбен шекаралас елді мекендерде тұратын оқушылар арасындағы достықты нығайту, халықтар бірлігін насихаттау, қатысушылардың тарихи-этнографиялық білімдерін тереңдету.

Экспедицияға РФ-ның Палассов ауданы мен облысымыздың 12 аудан командалары қатысуда. Қорытынды кезеңнің салтанатты ашылуынан соң, I кезең басталып, қатысушылар «Менің шежірем», «Этнография», «Топонимика» секциялары бойынша, өз жобаларын қорғауда. Бірінші кезең аяқталған соң, екінші кезеңі өткізіледі.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале