31.08.2015, 19:39
Оқылды: 24

«Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясы

Zelenov audani ortaligi   Зеленов ауданы орталығында аймақ аралық-шекаралық «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясының қорытынды кезеңі мәреге жетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен облыстағы балалар туризмінің 55 жылдығы аясында ұйымдастырылып, шекаралас елді мекендерде тұратын оқушылар арасындағы достықты нығайту, халықтар бірлігін насихаттау, қатысушылардың тарихи-этнографиялық білімдерін тереңдету мақсатында өткізілген шарада екі елдің ұлтаралық достық қарым-қатынасы жайлы мәліметтер жинап, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Салтанатты жиынға қатысқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова ізденімпаз балғындарға сәттілік тілесе, облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының орынбасары Айгүл Әділова жылма-жыл өткізілетін экспедицияның маңыздылығы мен мақсатына тоқталды.

Экспедицияда РФ-ның Палассов ауданы мен өңірдегі 11 аудан және Орал қаласының командалары бас қосты. Шараның салтанатты ашылуынан соң, I кезеңі басталып, қатысушылар «Менің шежірем», «Этнография», «Топонимика» секциялары арқылы өз жобаларын қорғады.

 www.zhaikpress.kz

Динара БЕРІШ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале