28.09.2015, 19:46
Оқылды: 25

М.Айтасовтың 80 жылдығына волейболдан турнир өтті

JAnakala Aitasov turnir    Жаңақала ауданында аудан күні және еңбек күніне орай еңбек ардагері Мүсір Иманқұлұлы Айтасовтың 80 жылдық мерейтойына арналған ересектер арасында волейболдан аудандық турнир өтті.

Шараның ашылу салтанатына мерейтой иесі М.Айтасов, БҚО әкімінің кеңесшісі Е.Салықов, еңбек ардагері Ғ.Карменов тағы басқалар қатысты. Шарада сөз алған М.Иманқұлұлы жиналғандарды аудан күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Турнирге ауылдық округтерден және Жаңақала колледжі, спорт мектебінен 11 команда қатысып, әдемі ойын өрнегін көрсетті.

Қорытындысында І орынды Жаңақала колледжі еншілесе, байырғы қарыластар С.Меңдешев пен Жаңажол ауылдық округі командасы ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті.

Жеңімпаз командаларға арнайы медалдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ аталмыш мерейтой аясында басқа да спорттық көпшілік шаралар ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.

www.zhaikpress.kz

Надежда ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале