15.06.2016, 14:09
Оқылды: 19

«Нарын» тойханасы ашылды

Naryn toihanasy  Бөрлілік белгілі кәсіпкер Мырзабай Боранбаев бұдан оншақты жыл бұрын иесіз қалған «Нарын» дүкенінің ғимаратын меншігіне алып, жөндеттіріп, тойхана ашты. Ауылдастары тілегін ескерген ол қалада тұратын, негізі жиекқұмдық құрылыс маманы (прораб) Алтай Сапарғалиев, дизайнер Мүсінғали Ғұбашев (пятимарлық) және бригадир Ербол Айтқалиевке (ақсуаттық) қолқа салып, ауылдастары Аспандияр Сәрсенбеков, Жансерік Базаров, Батыржан Қапезовтерді де осы жұмысқа тартыпты.


  Есікке керілген лентаны Рүстем Мүлкайұлы мен Есенболат Хамидоллаұлы қиып, жиналғандарды ішке бастады. Қосымша дәліз, киім ілетін, қол жуатын, демалатын бөлмелермен толықтырылып, қаладағыдай әсем безендірілген тойхана жаңа түрге еніп, сыңғырлап тұр. Дастархан басында ауыл молдасы құран оқып, бата берсе, жерлестері Мырзабай Боранбаевқа алғыстарын жаудырды.

www.zhaikpress.kz

Каримолла ҒАЙСИН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале