13.01.2016, 11:23
Оқылды: 29

Насихатшы топ мүшелері - Қаратөбе ауданында

2016-01-13 21.14.38Қаратөбе ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылаған аудан активінің жиналысы болып өтті.


Жиналысқа Жолдауды түсіндіру мақсатында ауданымызға келген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес төрағасының м.а. Мерболат Нұртазин:
– Мемлекет басшысы Жолдауда: « Бүгінгі ахуал – біздің жетістіктерімізді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін уақыт тезі. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз»,-деген болатын. «Елбасы Жолдауынан туындайтын нақты тапсырмаларды орындау барысында бірлігімізді сақтай отырып, ілгеріге қадам басу бұл баршамыз үшін үлкен жауапкершілік деп ойлаймын. Елімізде еңбек етемін деген жанға барлық жағдай жасалып отыр. Білім саласына қатысты реформаларды жандандыру, жаңарту, сол сияқты жалпыға ортақ тегін кәсіптік білім алуды жүзеге асыру, көптеген жастарымыздың болашағына мол мүмкіндіктер ашатыны белгілі»,- дей келе, Елбасы мақаласының мәніне де тоқталды.

Бірінші кезекте мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібінің енгізілгендігін, жаңа «Әдеп» кодексі туралы, меритократия заңдылықтары туралы айтып өтті. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту, қолжетімділігін арттыру мақсатында оң өзгерістер бар екенін атап өтті.
Аудан әкімі Асхат Шахаров:

- Мемлекеттік қызмет әдебін өзімізден бастауымыз керек. Әрбір қызметкер өз ісіне жауапкершілікпен қарап жұмыс жасайтын болса ғана оң нәтиже болады. Елбасымыз әруақытта Қазақстандағы тұрақтылық пен бірлікті басты мақсат етіп қойып келеді. Осы берекелі бірлік пен тұрақты татулықтың арқасында елімізде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру барысында оң өзгерістер, игі істер атқарылуда. Ондай оң өзгерістер біздің ауданда да бар және жалғасын таба береді. Болашақта бірлесіп атқаратын жұмыстарымыз ауқымды, сондықтан бірлік пен татулықты ту етіп алдағы уақытта да қызмет етуге шақырамын, - деп, жиынды қорытындылады.
Жиналысқа БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының өкілі, аудан активі, БАҚ өкілдері қатысты.

www.zhaikpress.kz

Нұрлан МЕҢДЕШОВ
«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале