14.01.2016, 17:05
Оқылды: 22

Насихат тобының сапары

Бүгін облыстық насихат тобы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2016-01-14 16.23.032015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында ауданымыздың Жалпақтал ауылына ат басын бұрды.


2016-01-14 16.24.35Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова жүргізген жиынға БҚО жер қатынастар басқармасының басшысы Әлия Мұханбетжанова, облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасын басшысының орынбасары Мұрат Байменов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарамасы басшысының орынбасары Дулат Имашев, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйым өкілдері, ақпарат топтардың мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ардагерлер, жастар қатысты.
2016-01-14 16.23.43Жолдау және одан туындайтын міндеттер туралы жан-жақты əңгімелеген облыстық ақпараттық насихат тобының өкілі облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасын басшысының орынбасары Мұрат Болатұлы ауылдастарды барша қазақстандықтардың ортақ арманы - Ұлт жоспарын іске асыру жолында жұмыла еңбек етуге шақырды. Жарыссөзге шыққан Жалпақтал ауылдық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ғилым Едекешев, Жалпақтал ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шынболат Өтешқалиевтер ой-пікірлерін ортаға салды.

Дәл осындай кездесулер облыстық ақпараттық-насихат тобы өкілдерінің қатысуымен Қараөзен, Жаңажол, Ақпәтер ауылдық округтерінде өтті.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале