28.02.2015, 17:42
Оқылды: 253

Наурыздағы атаулы күндер: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙРАМДАР

Наурыздағы атаулы күндер:


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕЙРАМДАР

3 наурыз – Дүниежүзілік жазушылар күні;

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылар құқығын қорғау күні;

21 наурыз – Дүниежүзілік поэзия күні;

21 наурыз – Нәсілдік кемсітушілікті жоюдың халықаралық күні;

21 наурыз – Дүниежүзілік Жер күні;

22 наурыз – Балтық теңізі күні;

22 наурыз – Дүниежүзілік су ресурстары күні;

23 наурыз – Дүниежүзілік метеорология күні;

24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні;

27 наурыз – Халықаралық театр күні;


 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕЙРАМДАРЫ

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНА ҚАТЫСТЫ ЕЛЕУЛІ КҮНДЕР

7 наурыз – археолог, тарих ғылымдарының кандидаты Кушаев Ғаяз Абдувалиевичтің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-1992).

8 наурыз – композитор, хор дирижері Культюшнов Николай Николаевичтің туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-1993).

10 наурыз – Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Орда ауданы «Бөкей Ордасы» ауданы деп атала бастағанына 15 жыл (2000).

13 наурыз – мемлекет қайраткері Оспанов Қабаш Распайұлының туғанына 100 жыл, Бөкей ордасы ауданының тумасы (1915-1970).

14 наурыз - журналист, аудармашы Жантикин Мифтах Қуанышқалиұлының туғанына 90 жыл, Бөкей ордасы ауданының тумасы (1925-1992).

14 наурыз - генерал-майор, Қазақстан Ішкі істер қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Өтегенов Наурыз Әлжанұлының туғанына 90 жыл, Жаңақала ауданының тумасы (1925-2005).

19 наурыз – актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қажымұратов Сердештің туғанына 65 жыл, Қазталов ауданының тумасы (1950).


 

Дайындаған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале