24.06.2016, 18:04
Оқылды: 68

Нашақорлық – қоғам дерті

detskaya_narkomaniya2Кеше облыстық наркологиялық диспансерінде нашақорлық және  есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресудің  халықаралық күніне орай (26 маусым) психоактивті заттарды тұтыну және нашақорлықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті.


Басқосуға облыстық денсаулық сақтау басқармасы, СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күресу жөніндегі облыстық орталық, үкіметтік емес ұйымдар және қалалық емханалар өкілдері, нарколог мамандар қатысты.

«Сенің ертеңгі күнің тек өзіңе байланысты! Дені сау өмір сүр! Есірткіге жоқ деп айт!» үндеуімен өткен жиын нашақорлықтың алдын алу бойынша негізгі шаралар, есірткіге тәуелді адамдардың психикасы және мінез-құлқындағы өзгерістер, кәмелетке толмаған жасөспірімдерге есірткі заттарын тұтынуға жол бермеу туралы нарколог дәрігерлер мен психолог кеңестері  ортаға салынды.

ДСҰ мәліметі бойынша қазіргі таңда 15,3 млн адам психоактивті заттарды пайдалануға тәуелді. Есірткіні денеге ине  арқылы қабылдау 148 елде тіркелсе, оның 120 елінде есірткіге тәуелді тұрғындардың басым көпшілігі ВИЧ инфекциясымен ауыратындығы тіркелген. 2015 жылғы мәліметке сәйкес, есірткіден болатын өлімнің саны жыл санап артып отыр.

- Облыс бойынша нашақорлықпен күрес қызметі бірнеше бағытта жүзеге асырылады. Өткен жылмен салыстырғанда амбулаторлы-емханалық қызметке жүгіну бірнеше көрсеткішке азайғандығы байқалады. Айталық 2015 жылдың  алғашқы бес айында алкоголизим  бойынша 5447 адам, нашақорлықпен 962 адам, токсикоманиямен 40 адам тіркеуге тұрса, сәйкесінше 2016 жылы алкоголизммен 4295, нашақорлықпен 657, таксикоманиямен 32 адам есепке алынған. Психоактивті заттарға тәуелділердің жалпы саны  100 мың тұрғынға шаққанда өткен жылы (01.06.2015ж) 6 449 адам, биыл (01.06.2016ж) 4984 адамды құрап отыр. Бұл көрсеткіш едәуір азайғанымен, атқарылар жұмыстың әліде көп екендігін көрсетеді, - деді жиында штаттан тыс бас нарколог Р.Кужаев

Бұдан кейін нашақорлық кабинетінің  нарколог дәрігері А.Ғұмарова, аталмыш диспансердің психологтары А.Чабдарова мен А.Иденова тақырыпқа орай баяндама жасап, басқосуға жиналғандарға бейнеролик көрсетіп, өзара пікір алмасты.

 

www.zhaikpress.kz
Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале