30.12.2015, 17:38
Оқылды: 16

Нақты тапсырмалар жүктелді

 JAnibek boran       Жәнібек ауданы әкімдігінің мәжіліс залында төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жиын өтті. Оған мекемелер мен бөлім басшылары қатысты.  Жиынды аудан әкімі Мұрат Мұқаев ашып, жүргізіп отырды. Мұрат Рахметұлы өз кезегінде: -Құрметті әріптестер! Өздеріңізге мәлім, қылышын сүйреп қыс келді. Ендеше бейқам отырмайық. Қысты күнгі төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу бағытында жұмыстанумыз керек. Апатты жағдай бола қалған кезде тұрғындарды құлақтандырып, қандайма істе бірлесе жұмыстанумыз қажет.


Қыстың кезі күн құбылмалы болады. Оны бәріңіз де білесіздер. Боран бола қалған жағдайда ауылдық округ әкімдері мен учаскелік полиция инспекторлары жолдарды жауып, түрлі қолайсыз жайттардың алдын алуды жүзеге асырсын. Барлық мекеме, ұйымдардың техникалары сақадай сай болып, аудан активінен кезекшілік ұйымдастырып, мекемелердің бу қазандықтарын және операторлардың негізгі қызмет атқару барыстарын жіті қадағалауды қолға алайық. Сонымен қоса электр желілерінің үзілмеуі үшін мамандар жұмыстанып, тәулік бойы кезекшіліктер атқарылсын, -деп  мекеме басшыларына  нақты тапсырмалар жүктеді.

www.zhaikpress.kz

                                                                                                      А.ҚАРШЕКЕ

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале