15.10.2015, 19:00
Оқылды: 23

Несиеге немқұрайлы қарауға болмас

лого жумыспен камтуОблыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің аудан әкімдерімен селокторлық байланыс арқылы өткізген жиынның басты мәселесі  "Жұмыспен қамту - 2020" бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде несие алған несие серіктестіктерінің қазіргі жағдайлары еді.

Яғни несие серіктестіктері үкіметтен несие алып, оны уақытылы қайтармай отыр. Бұл жайында ауданымыз бойынша қалыптасқан ахуалды аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов баяндады.

Жалпы, облыс бойынша 795 млн. теңге көлемінде қарыз қордаланып қалған болса, ауданымызда құрылған 35 несие серіктестігі 207 млн. теңге несие алып, оның 51 млн. теңгесін әлі қайтара алмай отыр.

Борышкерлердің көпшілігі қаржыны мал басын өсіру үшін алған. Ал несиенің өтелмеуін мал өнімдерінің арзандап кетуімен байланыстырып отыр қожалық басшылары. Облыс әкімінің орынбасары бұл жағдайларға мемлекет түсіністікпен қарап келгенін жеткізіп, бірақ келісімді уақытында орындау керектігін атап айтты. Сонымен қатар Бақтияр Мәкенұлы жауапкершіліктен қашып, несиені төлеуден әдейі жалтарып жүрген несие серіктестіктерін БАҚ беттерінде әшкерелеп, жауапқа қатаң тарту керектігін де еске салды.

Аталмыш жиын барысында сот орындаушылардың да жұмысына сын айтылды. Көп жағдайда олардың өз міндеттеріне салғырт қарауы себепті, осындай борышкерлердің көбейіп отырғандығы жасырын емес.

Селекторлық байланыстан соң аудан әкімінің орынбасары А.Тоқжанов аудандағы несие серіктестіктерінің әрқайсысымен жеке сөйлесіп, несиені төлемеу себептерін сұрады. Несие серіктестік мүшелері өз тараптарынан жауапкершіліктің жүгін түсінетінін айтып,  алдағы уақытта қарыздардың жабылатынына сендірді.

www.zhaikpress.kz

Әділет Орынбасарұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале