16.11.2015, 15:13
Оқылды: 45

Несиені қайтаратын уақыт жетті

TAskala nesieni kaitaru   Тасқала ауданы әкімдігінде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағыты «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды» іске асыру бағытында алынған  7 507 656,33 теңге көлеміндегі несиені кері қайтару бойынша жиын өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиеваның басшылығымен өткен аталмыш жиынға  әділет басқармасының басшысы Қ.Тасқалиева, аға сот орындаушысы Д.Махашева,  «Орал» ӘКК» ҰҚ» заңгері  А.Керешев және   «Сенген топ» ЖШС-нің құрылтайшылары қатысты.

Кездесу барысында серіктестік мүшелері мен олардың құрылтайшыларының   әрекеттеріне шектеу  қою жөнінде атқарушылық парақтың қозғалғаны туралы айтылды.

Сот орындаушысы қарызды өтемеген жағдайда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту ережесінің баптарын түсіндірді.

www.zhaikpress.kz

Тасқала ауданының әділет басқармасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале