27.04.2016, 15:36
Оқылды: 22

Несиені қайтару жөнінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде

????????????????????????????????????

     Тасқала ауданы бойынша 2012-2015 жылдар аралығында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының II бағыты арқылы 153 адам  өз кәсібін ашып, оны кеңейту мақсатында 294,0 млн. теңге несиеге қол жеткізді.


     Бүгінгі таңда несиені қайтару жөніндегі бережақ  аудан бойынша 45,8 млн тенгені құрап отыр.Дәлірек айтар болсақ, 2012 жылы 10 несие серіктестігі құрылып, 56 адам 150,0 млн теңгеге қол жеткізді. Алайда, есептік кезеңге 8 серіктестіктен 33 адам44,5 млн. теңге бережақ. Оның ішінде «Тасқала-Тас-30,5млн., «Сенген Топ»-6,6 млн. теңге. Аталған серіктестіктерге сот шешімі шығарылып, сот орындаушысы жұмыстар жүргізуде.

     2013 жылы 47 адам 57,0 млн. теңге несиеге өтініш білдірсе,  оның ішінде 7 адам ірі қара өсіруге  несие алды.  Бүгінгі таңда бережақ 1,2 млн. теңгені құрап отыр.

     2014 жылы аталмыш бағдарламаға 32 адам қатысып, олар 51,0 млн. теңгенің шағын несиесіне қол жеткізді. 2014 жыл бойынша  несиені қайтару бойынша тек бір адам ғана 140 мың тенге бережақ. Қазір несиені қайтару жөнінде аудандық жұмыспен қамту орталығы біркелкі жұмыстар атқаруда.  Бережақ кәсіпкерлермен жеке сөйлесіп, оларға несиені қайтарудың  жолдарын түсіндіріп, жиындар өткізуде. «Көп кешікпей бұл жұмыстар  оң  нәтижесін береді», - дейді мамандар.

www.zhaikpress.kz

Назгүл СЕРІКҚЫЗЫ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале