17.11.2015, 17:21
Оқылды: 20

Несиесі несібеге жалғасарына сенімді

JAnibek jymispen kamtu   Жәнібек ауданындағы  Ақоба ауылының тұрғыны Елтай Ибатовтың негізгі мамандығы автокөлік жүргізуші. Кеңес Одағы тарағанға дейін совхозда автокөлік рулін бекем басқарған жас жігіт болатын. Кешегі тоқсаныншы жылдардың дағдарыс кезеңінде екі қолға бір күрек таба алмай бос отырып қалған шағы да болды. Қол қусырып, еш нәрсе істемей отыруды ежелден қаламайтын жас жігіт қолындағы бар малының басын құрап, өзінің отбасын асырады. Ауласындағы төрт түліктің басын жоймай, ретімен қажетіне пайдалана білген ол 2003 жылы Орал қаласынан үй сатып алды.Өзі жұбайыменауылда мал ұстап,көбейтіп, шаруасын дөңгелете берді де, қалада оқитын қыздары сол сатып алған үйде  алаңсыз білімін жалғастырды.   


 

-Бұрнағы жылы «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының ауыл тұрғындары үшін тиімділігін ойша сараптай отырып, аталмыш жобаның екінші бағыты бойынша 3 миллион теңге несие алдым,-деді ол бізбен үйінде әңгімелесе отырып,-Несиеге қолым жеткен соң, 16 бас ірі қара сатып алдым. Саудалаған малымның  алтауы еркек болатын. Соларды сатып, ақшасына тойханамды жөндедім.

То йхана демекші, Елтай ауылдан басқа жаққа қоныс аударған бір тұрғынның үйін 6 бас сиыр беріп сатып алған-ды. Сол үйді бұзып,қайтадан жөндеп, жанынан жалғап, кеңітіп салды. Ұзындығы 10 метр бұрынғы көне  үйдің орнына көп кешікпей, ұзындығы 20, ені 12 метр болатын ғимарат бой түзеді. Алған несиесінің қаржысына 200 адамға лайықтап, тойханаға қажетті ыдыс-аяқ сатып алды. Бүгінде оның тойханасында ауылдағы тойлар мен садақалар жүйелі түрде ретімен өткізіліп келеді.  Тойхана иесінің бастауымен ғимараттың ішін көрдік. Жаңаның аты жаңа, аумағы біраз үлкейтіліп, қайтадан салынған ғимарат тойға келетін меймандарды қарсы алуға әзірленгендей сән-салтанаты артып, жарасымды ажар-көрікке бөленіп тұр.Өткен жылы еденге төселген өрнектас та көз бен көңілге жылылық ұялатады.

-Бағдарлама көңілімнен шықты. Несиенің арқасында малданып, қоңданып, тойханамды ашып алдым. Егер бұл бағдарлама болмағанда  кәсібімді ашуым неғайбыл еді.  Бұл көп күшті, салымды талап ететін іс.  Несиенің нәтижесінде кәсібім несібеге ұласатынына сенімдімін,-дейді кәсіпкер өз сөзінде.

Елтайдың «Молотов» елді мекеніндегі малы да өсіп жатыр. Қазір өзін-өзі қамтушы кәсіпкердің қарамағында 40 ірі қара, 15 қой, 2 жылқы бар. Қолда барды ұқсатып, шаруасын тап-тұйнақтай етіп отырған оның ісі басқаларға үлгі боларлықтай.

www.zhaikpress.kz

Жәнібек ауданы

    Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале