29.12.2015, 20:02
Оқылды: 31

Несие алып, асыл тұқымды мал саудалады

  Janibek nesia alip asil tykimdi mal   Жәнібек ауданының шаруа қожалықтары жыл басынан  «Кроун Батыс»  ЖШС-нің бордақылау кешеніне  105 бас бұқашық тапсырып, демеуқаржы алды. Аудандық жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімінен түскен мәліметке сүйенсек, «Ұлан» шаруа қожалығы «Қазагроқаржы» қаржылай қолдау қоры арқылы 35 миллион  теңгеге 100 бас қазақтың ақ бас қашарларын сатып алды.


Сол сияқты «Сыбаға» бағдарламасына сәйкес үстіміздегі жылдың 11 айында 3 шаруа қожалығы 34400 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, 10 бас асыл тұқымды бұқа және 170 бас аналық мал саудаласа, тағы бір шаруа қожалығы 8,5 миллион теңге несие алуға ниеттеніп, құжатын қамдауда. Ауданда «Құлан» бағдарламасы бойынша биылғы 11 айда 4 шаруа қожалығы 43500 миллион теңге несие алып, 20 бас асыл тұқымды айғыр мен 130 бас аналығын сатып алған. Ал Талов ауылындағы «Равиль» шаруа қожалығы 400 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылысын аяқтамақ.

www.zhaikpress.kz

                                                                                  Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале