26.05.2015, 6:25
Оқылды: 13

Несие серіктестігінің көкжиегі

KazAgro       Еліміздегі аграрлы саладағы несиелік серіктестіктерге реформалау жүргізілмекші. Соған орай бұл ұйымдардың жұмыстары жаңа арнаға түседі деп күтілуде. Бұл туралы өткен сенбі күні облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында болған жиында кеңінен сөз болды.

«Агроөнеркәсіп кешеніндегі несиелік серіктестіктердің даму жағдайы мен перспективалары» атты конференцияға «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Агроөнеркәсіп кешеніндегі несиелік серіктестіктер» ЗТБ-ның өкілдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, несиелік серіктестік пен шаруашылық жетекшілері қатысты.

Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов өңіріміздегі ауыл шаруашылығы саласы, соның ішінде несие серіктестіктерінің даму жағдайы мен олардың алдында тұрған  міндеттерге тоқтала келіп, үстіміздегі жылдың төрт айында облысымыздың он екі ауданындағы несие серіктестіктері арқылы 208 млн. теңге қаражат бөлінгенін айтты. Бүгінгі таңда 528 ауыл шаруашылығы құрылымы несие серіктестіктерінің құрылтайшысы ретінде тіркелген. Бұл серіктестіктерде 57 адам тұрақты жұмыс істейді. 2001 жылдан бері серіктестіктер арқылы 6,8 млрд. теңге несие берілді. Ол қаржылар негізінен егін мен мал шаруашылықтарын қолдауға және техника алуға бағытталды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен МҰРАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале