28.09.2015, 20:01
Оқылды: 23

Новоузенск қаласының 180 жылдық мерейтойы тойланды

Novouzensk kalasi  Саратов облысының Новоузенск қаласының 180 жылдық мерейтойы аталып өтті. Мерекелік шараға Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев, Саратов облыстық Думасының депутаты Олег Алексеев, Қазталов және Жәнібек аудандарының әкімдері Нұрлан Бекқайыр, Мұрат Мұқаев бастаған екі ауданның делегациялары қатысты.

Біздің аталарымыз Шортанды деп атаған Новоузенск ауданы Саратов облысының ірі аудандардың бірі болып саналады. 1780 жылы Үлкен Өзен мен Кіші Өзен бойында құрылған Шортанды ауылы, уақыт өте келе Новоузенск қаласына айналды.  Бүгінде Новоузенск ауданы Саратов облысы бойынша мал шаруашылығынан көш бастап тұрса, ірі қара өсіруден бірінші орында.

Шортанды қаласының тұрғындарын құттықтаған Саратов облысының губернаторы Валерий Радаев өз сөзінде  -қаланың көпұлтты тұрғындарының бір-бірінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын құрмет тұтулары арқасында барлық қиындықтарға қарсы тұрып, осындай керемет мәдениеті бар қалаға айнала алдыңыздар,-деп атап өтті.

Сондай-ақ Саратов облысының губернаторы Шортанды ауданының басшысы Любовь Разуваеваға жаңа қалалық балалар алаңын салуға сертификатты сыйға тартты.

Шортанды ауданының мерейтойын тойлауға 4 мыңнан астам тұрғын жиналды. Мерекелік шарада алтын той иелері мен жас отау иелерін құттықтады, Мерекелік бағдарламада балалар ұжымы да өз өнерлерін көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Мөлдір ӘНУАРБЕКҚЫЗЫ

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале