12.10.2016, 17:52
Оқылды: 23

Нодулярлы дерматитке қарсы тексеріс өтуде

%d0%bd%d0%be%d0%b4%d1%83%d0%bb%d1%8f%d1%80%d0%bb%d1%8b-%d0%b4%d0%b5%d1%80%d0%bc%d0%b0%d1%82%d0%b8%d1%82%d0%ba%d0%b5-%d2%9b%d0%b0%d1%80%d1%81%d1%8b-%d1%82%d0%b5%d0%ba%d1%81%d0%b5%d1%80%d1%96%d1%81   Атырау облысы мен Ресей Федерациясының оңтүстік аймақтарында мүйізді ірі қара малынан нодулярлы дерматит ауруы тіркелді. Нодулярлы дерматит – мүйізді ірі қара малында кездесетін өте жұқпалы вирустық ауру. Ол теріде көптеген түйіншектер пайда болып, тері асты шелінің домбығуымен, сүттің суалып, тыныс алу, ас қорыту жүйелерінің зақымдануымен сипатталады. Қазіргі күні малдың аталмыш дерт бойынша диагностикалық тексерістен өткізілуі талап етілуде.


Ауданымыздың шекаралас аймақта орналасуына байланысты мал мен оның өнімдерін тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бекітілген ережеге сай жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Д.МОЛДАҒАЛИЕВ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале