21.04.2016, 17:05
Оқылды: 41

Нормативтік-құқықтық актілер қаралды

Kogamdik kenes      Облыстық мәслихатта облыстық қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті.

      Жиынды ашқан қоғамдық кеңес төрағасы Ербол Ғұмаров төралқа отырысы нормативтік-құқықтық актілерді қарауға арналатынын айтты. Соған орай күн тәртібінде бес мәселе қаралды.


      Бірінші мәселе 2015 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөнініндегі жылдық есебінің жобасын бекіту туралы шешімнің жобасын қарау еді. Қоғамдық кеңес төрағасының ұсынысы бойынша бұл мәселе келесі отырыста қаралатын болып шешілді. Себебі бұл жиынға қоғамдық ұйымдардың қатысқаны жөн.

    Екінші мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Бәйменов баяндады. Ол БҚО әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдесіндегі мемлекеттік тұрғын үй қорларынан берілетін үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу және кезекке қою, жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылудауы жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті туралы қаулысына өзгерістер енгізу жөніндегі қаулы жобасымен таныстырды.

    Ал облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағелеуов «Эккизді келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы қаулысы жобасы жөнінде айтса, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мәншүк Аймұрзиева облыстық денсаулық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті мен бұл бағыттағы облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы баяндады.

     Жиын соңында аталмыш құжат жобаларын ескертпесіз қабылдау туралы қаулы қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале