8.07.2015, 10:53
Оқылды: 43

Нұржамал наубайхана ашты

Akjayik naubaihana   Ақжайық ауданында өлке дамуына өзіндік үлес қосып жүрген жандар қатары барған сайын қалыңдауда. Солардың бірі бүгінгі таңда жеке кәсіпкер Нұржамал Алтынсары болып табылады.

Құрайлысай ауылдық округіндегі Жұбан ауылының тұрғыны ол «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ІІ бағытымен шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен 1.500 мың теңге қаражат алып, бұл күнде ауылдың қақ ортасынан наубайхана ашты. Сөйтіп, ауыл жұртын ас атасымен қамтамасыз етуде.

Бір нанның салмағы-800 грамм, ал бағасы 70-ақ теңге. Сол күні пісірілген нан бір күнде тұрмастан сатылып кетуі расымен құнарлы, дәмді екенінің айғағы.

www.zhaikpress.kz

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале