25.05.2015, 22:15
Оқылды: 28

Нұрлыбайдың нұрлы ісі

Kaztalova Nyrlibaidin nyrli isiЖақында біздің жолымыз Талдыапан ауылдық округіне қарасы жол бойындағы Сарықұдық ауылындағы игі істерді көріп, Нұрлыбай Жолдыбайұлымен тағы да бір әңгілесудің сәті түскен еді. 

Сарықұдық ауылының төл перзенті Нұрлыбай Жолдыбайұлы туған ауылы үшін аянбай еңбек етіп жатқан жан. Осыдан бір-екі жыл турасында жол бойынан «Шаһизада» атты кафе ашқан болатын. Былтырғы жылы қабырғалары құрастырмалы 80 орындық кафенің жұмысын бастап кеткені жайлы газет бетіне жазған болатынбыз. Бүгінде бұл жұмыстар аяқталуы жақын. Таяу күндері есігін айқара ашпақшы. Бұл құрылыс жұмыстарына 18 адам тартылып, жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар Ұлы Жеңістің 70 жылдығында Нұрлыбай бауырымыз өзі демеушілік танытып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішін жаңартып, елдің алғысына бөленіп отыр. Осындай ескерткіш тақтаны жаңартуда Талдыапан ауылында да жүзеге асқан. Мұнда мекеме кәсіпорын қызметкерлері, шаруа қожалықтары өздері қаражат шығарып, жөндеу жұмыстары жүргізіліпті.

         www.zhaikpress.kz

         Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Талдыапан ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале