21.10.2016, 17:42
Оқылды: 21

«Нұрлы бақта» қыран бейнесі мүсінделіп, жасанды сарқырама ағып жатыр

%d0%bd%d2%b1%d1%80%d0%bb%d1%8b-%d0%b1%d0%b0%d2%9b%d1%82%d0%b0-%d2%9b%d1%8b%d1%80%d0%b0%d0%bd-%d0%b1%d0%b5%d0%b9%d0%bd%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%bc%d0%b5%d0%bd-%d0%b6%d0%b0%d1%81%d0%b0%d0%bdҚазталов ауданы орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Нұрлы бақ» саябағы ашылған еді. Ашылу салтанатында БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері арнайы келіп, жеміс ағаштарын отырғызған болатын.

Бүгінгі күнде бұл жеміс ағаштары жайқалып өсіп келеді, саябақтың іші жабдықталуда.

21 қазан күні ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында саябақта қыран бүркіттің мүсіні және  жасанды сарқыраманың ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және БҚО «Жас эколог» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ислямғали Саламат, - жасалып жатырған игі істер жалғасын тауып, елдің кәдесіне жарасын,-деген тілегін жеткізді.

Бұдан кейін салтанатқа қатысушылар баққа жеміс көшеттерін  отырғызды.

Әсем Болат

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале