2.03.2016, 16:53
Оқылды: 45

Нұрлы болашақ үшін

Zelenov Nyrli bolashak yshin  Зеленов ауданы орталығында Алғыс айту күніне орай "Нұрлы болашақ үшін алғысымызды білдіреміз" акциясы өтті.

  Акция аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, Переметный мектебі, ауданының  қарттар мен мүгедектерге арналған үй интернаты ұйымдастыруымен өткізілді.


Оқушылар жетекшілері Т.Ефремовамен бірге, аталар мен әжелерге көркем өнерлерін тарту етті. Қарт адамдарға арналған алғыс сөздерін аудандық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Дүзбатыров және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Н.Ешмұратов білдірді.

Шара соңында бәріне "Нұрлы болашақ үшін алғысымызды білдіреміз" атауымен символдық смайликтер мен тәттілер сыйға тартылды.

www.zhaikpress.kz

Зеленов аудандық

жастармен жұмыс жөніндегі

 ресурстық орталығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале