4.04.2016, 11:55
Оқылды: 30

Домбырашы Нұржанның ән-күй кеші өтті

????????????????????????????????????

     Зеленов ауданына алғашқы рет қонаққа дарынды домбырашы, бірнеше республикалық, xалықаралық конкурстардың лауреаты, Жанар Дұғаловамен Татарстанда өткен "Тюрквижн-2014" xалықаралық байқауында өнер көрсетіп, Гран-при иегері атанған Нұржан Тәжікенов келді.

     Жас талант өнер сүйер қауымға керемет кеш тарту етті.


     Кеш шымылдығы күмбірлеген күймен ашылып, одан әрі «Ла-ла-лай», «Айналайын», «Ай, сол жүрегім», «Ұрлаймын», «Әр өңірдің қыздары-ай» әндерімен өрілді. Ал, кеш шырайын көңілді тапқыштар, өңірімізді елге танытып жүрген "ҚазИТУ" құрамасы жігіттері кіргізді. Әзіл-қалжыңы жарасқан жайдарманшылар жалпақ жұртшылыққа қып-қызыл күлкі сыйлады.

     Сонымен бірге, кешке көрік берген тағы бір өнерпаз Тілек Базаров. Әні мен әзілі үйлесім тапқан әншіге көрермендер дән риза.

     Кеш соңында Нұржан Тәжікеновке аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов аудан халқы атынан алғыс білдіріп, шығармашылық табыстар тілеп, естелік сыйлық табыстады.

 www.zhaikpress.kz

Д.ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале