7.08.2015, 19:09
Оқылды: 23

«Нұрлы жол» бойындағы дәмхана

Kaztalov nyrli jol   7 тамыз  күні Қазақстан Республикасы Перезиденті әкімшілігінің бөлім меңгерушісі Мірболат Хабиұлы Жақыпов Қазталов ауданына келді. Өзінің туған жеріне келгенде алғашқы ат басын тіреген жері Сарықұдық ауылы болды. Талдыапан ауылдық округіне қарасты «» шаруа қожалығының жетекшісі Нұрлыбай Жолдыбаевтың жаңадан ашылған «Шәкизада» дәмханасының ашылу салтанатына қатысты. Күре жолдың бойындағы дәмхананың ашылу салтанатында сөз алған Мірболат Жақыпов, - Елбасымыздың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылғандай шалғай аудандарға тартылып келе жатырған нұрлы жолдың бойында осындай сәні келіскен дәмхана жолаушыларға қызмет жасай берсін, - деді.

Бүгінде шаруасын шалқытып отырған Нұрлыбай осы ашылған дәмханадан ауыл адамдарына жұмыс тауып беріп отыр.

Сонымен қатар салтанатта сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр, - ауданымызда осындай кәсіп түрлерін дамытушылардың көбейіп келе жатырғанын айта келіп, Ақ Ордадан келген қонаққа ауданымызға қош келіп жатырсыз!- деген лебізін жеткізді.

Жаңадан ашылған дәмхана бір мезгілде 100 адамға қызмет көрсете алады.

www.zhaikpress.kz

Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале