25.04.2016, 11:18
Оқылды: 32

Нұрымжан жеңімпаз атанды

Sirim jenimpaz   Кешегі аптада Сырым ауданы орталығындағы дене шынықтыру – сауықтыру кешенінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ересектер арасындағы «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық кезеңі өтті. Жарыстың салтанатты ашылуы шарасында «Нұр Отан» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев, Сырым аудандық қазақ күресі федерациясының Президенті Санат Берсебаев сөз сөйледі.


     Аудандық турнирге 9 ауылдық округтің палуандары қатысты. Палуандар 6 салмақ дәрежесі бойынша белдесіп, өз араларындағы мықтыны анықтады.

     Жарыстың «Түйе палуаны» атағына «ордадай омырауы алқа - салқа» 11 бірдей алып таласты. Қаусырсаң құшақ толатын, көрсең көз тоятын жігіттердің бозкілемдегі бейнелері кім – кімді де сүйсінткендей! Кіл мықтының ішінде бір мықты болады. Осы жолы жымпитылық Нұрымжан Ғаббасов «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық кезеңінің жеңімпазы атанды. Жеңімпазды аудан әкімі Абат Шыныбеков марапаттады.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале