16.06.2016, 16:22
Оқылды: 29

«Нұр Отан» партиясының ашық есіктер күні

Nur Otan partiyasynyn ashyk esikter kuni15 маусым күні Көктерек ауылдық округінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ашық есік күні өткізілді.


Ашық есік күніне «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Марат Тоясов, филиалдың сектор меңгерушісі, аудандық мәслихат депутаты Гүлфия Көшбаева, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Кенжин қатысты.
–Партияның қабылдаған бағдарламаларында Елбасымыздың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айтылған міндеттерді орындау жолында жұмыстануда. Соның бір айғағындай қазіргі күнде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай атқарылып жатқан жұмыстар – партияның басты бағыттарының бірі, -деді аудандық маслихат депутаты Марат Тоясов.
Шара барысында тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелер туралы ой-ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе, округ орталығын газ желісіне қосу, өзеннен техикалық су тарту, балабақшаның орнының тарлығы тағы басқа да көкейтесті мәселелер көтерілді. Ашық есіктер күнінде партияға жаңадан қабылданған Көктерек ауылдық округінің жастар жетекшісі Тілеухан Төлеуғалиевке партия билеті табысталды.

www.zhaikpress.kz
Жұлдыз АСҚАР
Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале